08 желтоқсан 2014 12:16

Қарағанды облысында полицейдің өліміне соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысында бір полицейдің өліміне және тағы төрт адамның жарақат алуына соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысында бір полицейдің өліміне және тағы төрт адамның жарақат алуына соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы жол-көлік оқиғасында BMW автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол жиегіне ұшып кеткен еді. "Жүргізуші жарақат алып, миы шайқалып, облыстық медицина орталығына түсті. Ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанынан хабардар болды. Ауруханадан шығарылған бойда одан айыпталушы ретінде жауап алынатын болады", - деп хабарлады Абай ауданы анықтау бөлімінің қызметкерлері. 

Кісі өліміне соқтырған жол апаты Абай ауданында 6 желтоқсанға қараған түні болды. Екі полицей мен еш жерде жұмыс істемейтін тағы үш адам мінген BMW автокөлігі тас жолдан ұшып кетті. "Жедел медициналық жәрдем" облыстық станциясының диспетчерлік қызметінің мәліметінше, апатқа ұшырағандарды ауруханаға жеткізу кезінде облыстық ІІД жол-патруль полициясының батальон қызметкері қайтыс болды. "Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олар: 24 жастағы жүргізуші, облыстық ІІД жол-патруль полициясы батальонының 22 жастағы сержанты және 20 мен 25 жастағы екі қыз", - деп түсіндірді "Жедел медициналық жәрдем" станциясының өкілдері. 

Жол-патруль полициясы батальоны қолбасшылығы өкілдерінің хабарлауынша, жол апатынан қаза тапқан полицей батальонның екінші взводында қызмет еткен. "Марқұм полицей батальонда өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол қызметтік міндеттемесін атқару үстінде болған жоқ", - деп хабарлады полицейлер. Марқұм полицей Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары Жансерік Дәуренбековтің туған інісі болып шықты, Дәуренбеков осы жылдың жазында қызмет көлігіне мас күйде отырып, бір қызды қағып өлтірген еді, кейін ол оқиға орнынан қашып кетті, осы әрекеті үшін тұтқындалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети