17 тамыз 2023 18:01

Қарағанды облысында шахтада шыққан өрт: екі жұмысшы өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Өрт шыққан "Қазақстан" шахтасынан екі кеншінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өрт шыққан "Қазақстан" шахтасынан екі кеншінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасындағы апатқа байланысты кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Казахстанская" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған. Шахтада конвейер лентасының тұтануына байланысты апатты жою жоспары енгізілген.

"17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасындағы (горизонт - 170 м) жұмыс кезінде конвейер лентасы жанды. Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету кері позицияға ауыстырылды", - деді Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Кейінірек оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети