14 ақпан 2014 13:39

Қарағанды полицейлері мүгедек әйелді өрттен құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қарағандыда жол-патруль полициясы полкының қызметкерлері мүгедек әйелді өрттен құтқарды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтемемен. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 13 ақпан күні екіпәтерлі жеке үйде болған. Шұғыл мәлімет бойынша оқиға орнына взвод командирі Аманжол Ахметов пен сержанттар Жандос Оспанов және Азамат Сәрсенов келеді. Оларға тұрғындардың бірі өртеніп жатқан пәтерде бірінші топтағы мүгедек әйел бар екенін айтады. Полицейлер үйге терезеден кіріп, әйелді сыртқа алып шығады. Қазір ол ауруханада. Өртке қарсы қызмет мамандары жалынды ауыздықтаған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, 13 ақпан күні Қарағандыда тағы бір төтенше оқиға тіркелді. Бесқабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде газ баллоны атылып, бөлмелер арасындағы екі қабырға құлап қалған. Зардап шеккендер жоқ. Газ жарылысынан соң өрт тұтанбаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети