20 сәуір 2016 12:04

Қарағандыда бірнеше сағат бойы балконда ілініп тұрған күдіктіні сыбайластары ұстап берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағандыда төртінші қабаттан секірмекші болған жігітті өзінің сыбайластары ұстап берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда төртінші қабаттан секірмекші болған жігітті өзінің сыбайластары ұстап берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төртінші қабаттың балконында екі сағат бойы ілініп тұрған Дәурен есімді жігіт Қарағанды облысындағы Бұхар-Жырау ауданында бірнеше пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікке ілінген. 20 жастағы жігіт Алматы облысында да ұрлық бойынша іздестіріліпті. Оның Көкшетау тумасы екені анықталды. Облыстық ІІД қызметкерлері жігітті қалай тапқанын айтып берді.

"Жедел-іздеcтіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері басқаның мүлкін ұрлады деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Бұл адамдар өздерінің сыбайластарының қай жерде екенін айтып берді. Ол жерге полицейлер жіберілді", - деді ІІД қызметкерлері.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері полициядан екенін айтқан кезде есікті ешкім ашпаған. Дегенмен есіктің ар жағынан дыбыстар естіледі. Полицейлер күдіктінің қашып кетуді ұйғарғанын дереу түсінген. Дегенмен күдікті шатырға шығып, үйдің басқа жағына кетіп үлгерген екен.

Күдіктімен бірге үйде тағы үш адамның тұрғаны белгілі болды. Олардың қылмысқа қатысы анықталып жатыр. Күдіктіні полицейлер әкетті. Қазір олар түсінік беріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жігіттің балконнан секіру туралы ойы болмаған. Егер оның қылмысқа қатысы бар екені анықталса, оған ұзақ мерзімді жаза кесіледі.

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 19 сәуірінде болған еді. Жігіт Бұхар-Жырау даңғылындағы №75 үйдің балконында бірнеше сағат бойы ілініп тұрды. Кейін оның полицейлерден қашу мақсатында осындай қадамға барғаны анықталды. Жігітті балконнан құтқарушылар түсіріп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети