07 қараша 2014 21:17

Қарағандыда жасөспірім інісі мен қарындасын өрттен құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mshs.gov.ru ©Mshs.gov.ru

Қарағандыда өрт екі бүлдіршіннің өмірін қия жаздады. Оларды өрттен ағасы құтқарып алды, - деп хабарлайды "Новый вестник" газеті.


Қарағандыда өрт екі бүлдіршіннің өмірін қия жаздады. Оларды өрттен ағасы құтқарып алды, - деп хабарлайды "Новый вестник" газеті.

Үй өртене бастағанда үйде 15 жастағы Никита және оның екі жасар інісі мен алты айлық қарындасы болған. Болжам бойынша, жасөспірім пештің күлін тазалап жатқанда шоқ пластмассадан жасалған шелекте тұтанып кетіп, содан өрт шыққан. 

Куәгерлердің айтуынша, қорқып, үйден бірінші болып Никита шыққан. Содан кейін ол үйде балалардың барын есіне түсіріп, оларды құтқарып қалу үшін өртеніп жатқан үйге қайта кіреді. Бұл уақытта жалын дәлізге жетеді. Никита інісі мен қарындасын от жалынының арасынан қолына көтеріп алып шығады. Өрт салдарынан баланың беті, қолы және аяғы күйіп, үшінші дәрежедегі күйік жарақатын алды. Сонымен қатар, ыстың газынан уланып қалған.

Жалынды көршілері өрт сөндірушілер келмей тұрып сөндірді. Оқиға болған жерге келген дәрігерлер баланы ауруханаға жеткізді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қазір ауруханадан шығып, үйде емін жалғастыруда. Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті Никитаны марапаттау мәселесін шешіп жатыр. "Мұндай іске, тіпті жақындарын құтқаруға әрбір ересек адам бара бермейді", - деді ТЖД бас маманы Жанна Дәуренбекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети