15 қазан 2014 13:35

Қазақстан Ресейде сотталған маньякты қабылдаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©planet.ru ©planet.ru

Қазақстан Ресейде сотталған сексуалдық маньякты қабылдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасап.


Қазақстан Ресейде сотталған сексуалдық маньякты қабылдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасап.

"Жуырда ғана Ресейдің сотталған адамды бізге ауыстыру туралы ұсынысынан бас тарттық. Ол адам бірнеше жыныстық бопсалау әрекеті үшін, нәпсіқұмарлық қылмыстары үшін сотталған, ол - кәдімгі сексуалдық маньяк, 24 жылға сотталған. Біз оның бізде жаза өтеуі және кейін біздің аумақта бостандыққа шығуы ұлттық мүддемізге сай келмейді деп шештік", - деді Меркель Мәжілісте Қазақстан мен Италия арасындағы сотталған адамдарды ауыстыру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын таныстырған кезде.

Ресейге қатысты мысал ұлттық мүддеге немесе заңның негізгі қағидаларына қайшы келген жағдайда сотталған адамды аударудан бас тарту мүмкіндігі туралы норма сөз болған кезде айтылды. 

"Мысалға, егер біз Италия азаматын жаза өтеуді жалғастыруы үшін оларға беретін болдық дейік, бірақ ол сотталған бап бойынша жаза оларда айтарлықтай жеңіл болса, біз оны қайтарудан бас тартамыз", - деді Меркель.

Дегенмен Бас прокурордың бірінші орынбасары журналистерге Ресейде сотталған сексуалдық маньякқа қатысты толық түсінік беруден бас тартты. "Болмайды, бұл - жабық процесс. Бұл мәселе бойынша түсінік бере алмаймын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети