19 қараша 2015 17:45

Қазақстанда 17 тонна күдікті құрма тиеген жүк көлігі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© domovouyasha.ru © domovouyasha.ru

Қазақстанда күдікті құрма тиеген жүк көлігі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда күдікті құрма тиеген жүк көлігі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Расталмаған ақпараттар бойынша, 7 қарашада "Сыпытай батыр" фитосанитарлық бақылау бекеті арқылы MAN маркалы жүк көлігі Қарағанды бағытына қарай өтіп кеткен. Жүк көлігіне карантин жарияланған, Комсток сымырын жұқтырған 17 тонна құрма тиелген. Бұл сымырлар сопақша келген ақ түсті жәндіктер. Олар тез таралып, жолындағы бұталарды, ағаштарды, көкөністер мен бақша дақылдарына зиянын келтіреді.  

Қарағанды облыстық ІІД мамандарының хабарлауынша, қазір MAN жүк көлігін ұстау үшін барлық шаралар қолға алынды. "Бұл автокөлік ұсталғаннан кейін ол "Ауыл шарушалығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті өңірлік инспекция" Қарағанды облыстық Мемлекеттік мекемесі өкілдеріне беріледі", - деп хабарлады ІІД мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети