18 сәуір 2015 13:53

Қазақстанда мыңнан астам үй әлі су астында қалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Тұрар Қазанғапов @Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мыңнан астам үйді әлі су басып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 18 сәуірде еліміздегі су тасқыны жағдайы және адам өлімінің алдын алу мен төтенше жағдайларды жою мәселелері жөнінде өткен брифингте ІІМ Төтенше жағдайларды жою комитетінің басшысы Алексей Советов айтты.


Қазақстанда мыңнан астам үйді әлі су басып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 18 сәуірде еліміздегі су тасқыны жағдайы және адам өлімінің алдын алу мен төтенше жағдайларды жою мәселелері жөнінде өткен брифингте ІІМ Төтенше жағдайларды жою комитетінің басшысы Алексей Советов айтты.

Оның айтуынша, жақын күндері Ақмола облысының елді мекендерін су басу қаупі төніп тұр. "Нұра өзенінің жоғарғы жағындағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының елді мекендерін су басудан құтқару мақсатында авариялық-құтқару мен басқа да маңызды жұмыстарды жүргізуге негізгі күш жұмсалып жатыр", - деді Советов.

Ведомствоның мәліметінше, судың көтерілу деңгейі 18 сәуірде 2440 текше метр рекордтық деңгейге жеткен. Мұндай үлкен көлемдегі су басу алғаш рет болды. Оның максималды мүмкіндігі - секундына 2600 текше метр.

Сонымен қатар, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тағы 186 үйін су басқан. 179 үйден су сорылып алынды. Шығыс Қазақстан облысында су астында қалған 82 үйдің 40 үйі судан тазаланды. Қарағанды облысында 2030 үйді су басты, оның 1037-сі сусыз, 56 үй қирады.

"Соңғы бір күнде 1 353 метр жерге уақытша қорғаныш дамбасы тұрғызылды, 11 389 мешкотар қойылды, үйлер мен жер телімдерінен 41 мың текше метр су сорылып алынды", - делінген хабарламада.

Эвакуацияланған 15 518 адамның 7825-і үйлеріне оралды. 7693 тұрғын әлі де эвакуациялық пункттар мен туыстарының үйінде.

Советовтың айтуынша, бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев, Ішкі Істер вице-министрі Владимир Божко Нұра, Ішім өзенің бойында орналасқан Ақмола облысындағы Целиноград ауданында бақылап қайтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети