10 қазан 2015 12:09

Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google Maps-тан алынған скриншот Google Maps-тан алынған скриншот

Қазақстанның оңтүстік-шығысында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша 10 қазанда сағат 10.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,1, тереңдігі - 20 шақырым. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулері 5 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17.16-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен 161 шақырым қашықтықта болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети