12 тамыз 2019 09:07

Көк-Төбедегі өрт: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Леонид Рассказов © Леонид Рассказов

Алматы полицейлері Көк-Төбеде шыққан өрттен қаза тапқан адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полицейлері Көк-Төбеде шыққан өрттен қаза тапқан адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Алматы полицейлері сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрі аясында төтенше жағдайдан қаза тапқан адамның аты-жөні мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, кеше Көк-Төбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді. "Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ", - деп жазған болатын қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети