28 қараша 2014 00:50

Көкшетау жоғары техникалық мектебіндегі оқиғаның видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouТube-тегі видеоның кадры YouТube-тегі видеоның кадры

Интернетте Көкшетау жоғары техникалық мектебінде болды делінген оқиғаның видеосы тарай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернетте Көкшетау жоғары техникалық мектебінде болды делінген оқиғаның видеосы тарай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, ақпарат құралдары екі апта бұрын 17 жастағы студент физика пәнінің 24 жастағы оқытушысын ұрып-соқты деп хабарлаған еді. Үзіліс кезінде оқытушы Саят Қапаров шулап жүрген студенттерге ескерту жасайды. Мұны жақтырмаған оқушылардың бірі Артем Валерин оқытушыны баспалдақтан түсіріп, оның басын қабырғаға ұрады. Қалған оқушылар оқиғаны сырттай үнсіз бақылап тұрады. Бұл жаңалық қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды.

Бірақ өзін оқиға куәгеріміз деп атаған Tengrinews.kz оқырмандары "оқытушыға ешкім көмектескен жоқ" деген нұсқаны теріске шығарды. Олар редакцияға жоғары техникалық мектептің бақылау камераларына түсірілген бейнежазбаны жолдады. Роликтен Саят Қапаров деп топшыланған ер адамды көруге болады, ол кабинетке кіреді (4:45), 20 cекундтан кейін шығып, қайта кіреді, сол кезде соққы алған болуы керек, еденге құлайды. Оған қызметкерлер мен оқушылар көмекке ұмтылады. Видеодан зардап шегушіні аудиторияға алып келіп жатқанын көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети