02 шілде 2015 15:41

Көкшетау вокзалынан жарылғыш зат табылған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Илья Шәкіров © Илья Шәкіров

Көкшетау вокзалына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетау вокзалына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетаудың теміржол бекетінде жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін адамдар эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын. ІІД қызметкерлеріне жарылғыш заттың облыс орталығында екі бірдей орынға қойылғанын хабарлаған.

"Хабарлама жалған болып шықты. Жалған хабарлама бергендердің аты-жөні анықталып жатыр. 2 маусымда сағат 10.25-те 102 пультіне теміржол вокзалына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ал 10.30-да белгісіз азаматтан пәтеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы тағы бір хабарлама болды. Көкшетау Желілік ішкі істер бөлімі және Ақмола облысы ІІД қызметкерлері аумақты қоршауға алып, 387 адамды эвакуациялады. Олардың ішінде такси қызметшілерін қосқанда 70 жұмысшы бар. Екінші қоңырау бойынша 48 адам эвакуацияланды. Екі хабарлама да жалған болып шықты, жарылғыш заттар табылған жоқ", - деді баспасөз қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети