02 шілде 2015 12:42

Көкшетаудың теміржол бекетінде жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін адамдар эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Илья Шакиров © Илья Шакиров

Көкшетаудың теміржол бекетінде жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін адамдар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Көкшетаудың теміржол бекетінде жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін адамдар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында 4 өрт сөндіру машинасы және полицияның 10 машинасы тұр, іште саперлер жұмыс істеп жатыр. Абай көшесінің бойындағы көпірден бастап қозғалыс жоқ, аймақ қоршауға алынды. Бекет маңында жұмыс істейтін такси қызметкерлері эвакуация жайлы естімеген, олар клиенттерін күтіп тұр. Бекеттің эвакуацияланған қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне шығынға батқандарын айтып берді. Олардың айтуынша, бекетте оқу-жаттығу шаралары көп болады және бұл кәсіпкерлердің қалтасын қағады екен.

Ал бекетке келушілер мен жұмысшылар жарылғыш заттың бар екендігі туралы хабардың жалған болып шыққанын айтады. 12.30 жағдайында бекеттің бар аймағы тексерілді, енді ғимарат ішіндегі бутиктерді тексеру қалып отыр.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети