08 тамыз 2014 15:16

Көлік полициясы пойыздағы жанжал жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Борис Копылов/ekaraganda.kz ©Борис Копылов/ekaraganda.kz

Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары Астана - Қарағанды жүрдек электр пойызындағы оқиғаға қатысты түсінік берді. Полицейлердің айтуынша, пойызда ешқандай төбелес болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ көлік полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары Астана - Қарағанды жүрдек электр пойызындағы оқиғаға қатысты түсінік берді. Полицейлердің айтуынша, пойызда ешқандай төбелес болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ көлік полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жауап алу кезінде жанжал қатысушылары бір-бірінің үстінен арыз жазудан бас тартты, олар пойызда келе жатқанда өзара жанжал болғанын айтты, қыздар қатты сөйлесіп, сәбиге ұйқы бермегеннен кейін ұрыс шыққан. Бірақ ешқандай төбелес, бір-біріне қол жұмсау, жарақат алу болған жоқ. Жанжалдасқандардың бәрі сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Жаппай төбелес, дене жарақатын алу, тағы басқалар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері 3 тамыз күні Қарағанды - Сортировочная станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің Қарағанды көлік прокуратурасымен бірге Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты. 

Оқиғаның өзі 31 шілде күні үш студент қыз бен сәбиі бар ерлі-зайыпты арасында болған. Осакаров станциясындағы желілік полиция бөлімінен Астана - Қарағанды бағытындағы электр пойызда жолаушылар арасында жанжал болғаны туралы хабар келіп түскен.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Новый вестник" басылымында Қарағанды - Астана бағытындағы электричкада жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Куәгерлердің айтуынша, төбелес салдарынан бір жолаушы қыздың қолы сынып, тағы бір жігіт аяусыз соққыға жығылған, төрт айлық сәби де зардап шеге жаздады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети