08 желтоқсан 2017 | 14:41

Қонақүйге алдап апарған. Рудныйда досының қарындасын зорлаған жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйдың 29 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Рудныйдың 29 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерекке қатысты іс ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-тарауының 3-тармағы бойынша Қостанай облыстық сотының қарауына жолданды. 

Соттың баспасөз өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылдың 4 маусымында сағат 07:30 шамасында С. есімді азамат Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде тұратын кәмелетке толмаған қызы бар отбасына келген. 29 жастағы ер адам қыздың ағасы такси жалдап, ауруханаға қарауға шақыртқанын айтқан. Кейін таксиге қызбен бірге отырған. Қыз бала бұрын оны ағасымен бірге көріп жүргендіктен еш күдігі болмаған. 

"Ары қарай С. Рудный қаласындағы қонақүйлердің біріне барып, бір бөлмені жалдаған. Біреуді күте тұруымыз керек деп қызды бөлмеге алып кіреді. Бөлменің ішінде қызға екі рет зәбір көрсеткен. Осыдан кейін оны автовокзалда тастап кетіпті. Қыз автобуспен үйіне дейін өзі жетіп, барлық жайтты анасына айтып берді", - дейді сот өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети