10 ақпан 2015 14:16

Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Арман Ыбыраев Оқиға орны. ©Арман Ыбыраев

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылып, бір әскери қызметші жан тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылып, бір әскери қызметші жан тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Астанада Достық көшесінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте жарылыс болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды, көшеден өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында. 

Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Оқиға орнынан өлім алдындағы хат табылды, лаңкестік әрекет туралы болжам жоққа шығарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети