02 шілде 2015 11:09

Қостанай облысында рейс автобусы аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zapad24.ru © zapad24.ru

Қостанай облысында рейс автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысында рейс автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 шілде күні сағат 07.15-те "ПАЗ" рейс автобусы Арқалық қаласынан Жанкелді ауданындағы Торғай ауылына бара жатқан жолда болған. Автобуста барлығы 24 жолаушы отырыпты, арасында балалар бар. Мамандардың айтуынша, автобус Қарасу ауылынан өте бергенде жолға бір отар қой шыға келіп, жүргізуші айналып өтпекші болған сәтте рульге ие бола алмай, автобус аударылып қалған.

"Оқиға орнына Аманкелді аудандық ІІБ мамандары шұғыл жетті. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Полицейлер жол-көлік оқиғасының сызбасын жасап, 49 жастағы жүргізушіге сот-медициналық куәландыру жүргізілді, нәтижесі оның мас болмағанын көрсетті", - делінген хабарламада.

7 және 11 жастағы екі бала "Санавиациямен" облыстық ауруханаға жеткізілді, қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Айта кетейік, автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети