12 мамыр 2015 19:03

Қостанай облысындағы киіктердің жаппай қырылуының себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ascania-nova.org © ascania-nova.org

Мамандар Қостанай облысында киіктердің жаппай қырылуының себебін айтты, - деп хабарлайды "Алау". ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің соңғы мәліметтері бойынша, барлығы 117 киік мерт болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың жаппай қырылуының себебі - көтеремдік. 2014 жыл құрғақ болды, сондықтан бұл өңірде шөптің жетіспеушілігі байқалады.

Еске сала кетейік, оқиға Амангелді ауданында болды. Оқиға орнына құтқарушылардан, табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерінен және ветеринариялық қызметтен құрылған топ ұшып барды. Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Марат Бегімбетовтің айтуынша, атып алу белгілері жоқ. "Барлығы 117 бас саналды, олардың бесеуі - төл, екеуі - аталық және 110-ы ұрғашы. Нақты себебін тиісті органдар береді. Олар қазір оқиға орнына кетті және зерттеу жүргізу үшін материал іріктеп жатыр. Сол материалдар негізінде киіктердің жаппай қырылуының нақты себебі анықталады", - деді ол.

Еске сала кетейік, мамандар 11 мамыр күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған жануарларды тапты. Бұған дейін, 2015 жылы ақпанда браконьерлердің 60 бас киікті қырып тастағаны хабарланған болатын. Айта кетейік, киіктер бұған дейін де Қостанай облысында жаппай қырылды. Оқиға 2012 жылы Жанкелді ауданында болды. Ол кезде 200-ден аса киік мерт болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети