12 қараша 2018 09:33

Қостанайда 20 күн бұрын жоғалып кеткен 7-сынып оқушысы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі © Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қостанайлық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен оқушы Александр Рябухинді іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеп оқушысын іздестіруге полицияның бүкіл құрамы мен еріктілер жұмылдырылған болатын.

Александр Рябухин патрульдеу барысында табылды. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді. Полициядағылар баланың осыған дейін де үйден кетіп жүргенін айтады.

"Наш Костанай" мәліметінше, 12 жастағы оқушы Тәуелсіздік көшесінен табылған. Полицейлерді көрген кезде қорқып, қашып кетпекші де болған. Ал "Наша Газета" басылымының мәліметінше, ол үйіне қайтқысы келмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети