12 наурыз 2014 11:07

Қостанайда "АгромашХолдинг" ғимаратында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АгромашХолдинг" АҚ ғимараты. ©Voxpopuli.kz "АгромашХолдинг" АҚ ғимараты. ©Voxpopuli.kz

Қостанайда "АгромашХолдинг" АҚ ғимаратында жарылыс болып, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "11.03.2014 күні сағат 20.46-да ғимараттың жертөлесінде орналасқан лак және бояу шығару цехында "Гермокрон-гидро" ерітіндісімен гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа аралас газ қоспасы атылған. Жарылыстың салдарынан 1970 жылы туған жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды, денесін күйік шалған 1983 жылғы тағы бір жұмысшы ауруханаға жатқызылды", - делінген министрліктің хабарламасында. Бұл екі жұмысшы Ресей азаматтары болып шықты. Өндіріс орнындағы төтенше оқиғаны залалсыздандыруға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері қатысты. ҚР ТЖМ мамандарының мәліметінше, 12 наурызға қараған түні Павлодардағы өндіріс орындарының бірінде де төтенше оқиға болды. "Павлодарземстрой" ЖШС аумағында автокөлік тұратын бокста Volvo автобусы өртенген. Жалын 40 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өртсөндіру қызметі оқиға орнынан үш техника мен төрт газ баллонын алып шықты. Бұл заттар дер кезінде шығарылмағанда, оқиғаның салдары ауыр болатын еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети