12 қаңтар 2018 10:53

Қостанайда анасы пышақтаған 13 жастағы қыз жансақтау бөлімінен шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда анасы пышақтаған 13 жастағы қыз жансақтау бөлімінен шығарылады, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.


Қостанайда анасы пышақтаған 13 жастағы қыз жансақтау бөлімінен шығарылады, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Анестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Расул Греев қыздың жағдайы жақсарғанын айтты.

"Қыз есін жиды. Өзі дем алып жатыр. Өкпесі дұрыс жұмыс істеп тұр. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деді бөлім меңгерушісі.

Дәрігердің айтуынша, қыз хирургия бөліміне ауыстырылады.

Еске салайық, Қостанайда 32 жастағы әйел мас күйінде 13 жастағы қызына ұрысып, оны пышақтаған еді. Қыз түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізлген болатын. Оқиға полицейлер мен дәрігерлерді түршіктерген болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін13 жастағы қызға қатысты істі тергеу бабы ауыстырылғаны хабарланған еді. "ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-тарауы және 99-баптың 1-тарауы - "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген еді ІІД хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети