30 шілде 2015 18:41

Қостанайда анасы тастанды ұлын балалар үйінен әлі алып кеткен жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанайдағы бір жарым жастағы тастанды баланы анасы балалар үйінен әлі алып кеткен жоқ, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Қостанайдағы бір жарым жастағы тастанды баланы анасы балалар үйінен әлі алып кеткен жоқ, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Басылым тілшілерімен сөйлескен Бас дәрігер Қарлыға Мұсалинованың айтуынша, Ілияс "Дельфин" балалар үйінде әлі де қала бермек.

Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, баланың қылықтары медбике оны балалар үйінің қақпасының жанынан тауып алғалы бері қатты өзгерген. "Иә, әрине. Ол көбірек күлімдейтін болды. Шақырсаң келеді. Тәрбиешілер оны жақсы көреді, еркелетеді. Ол біздің сымбатты жігітіміз", - дейді Мұсалинова журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Дәрігердің айтуынша, олар баланы өз атымен атайды, ол есімін атағанда қарайтын көрінеді. Бастапқыда оған Дамир деген есім беріліпті.

"Иә, оны өмірдегі ең жауапты, әр адам үшін ең маңызды адам ана деп атауға болса, ол бізге келмейді. Мен оны бар болғаны бір рет көрдім. Бірақ мен оған баланы бермедім. "Жоқ дедім, алдымен бақылау органдарына бар, барлық құжатты ресми түрде рәсімде, ата-аналық құқығыңды қалыпқа келтір, содан кейін бізге кел дедім", - дейді Бас дәрігер.

Оның айтуынша, баланың анасы "Дельфин" қызметкерлерінің алдында өзін ақтауға тырысқан.

"Иә, өзін ақтау үшін бір сөздерді айтты... Бірақ мен оған: "Білесің бе, өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін, бірақ бұлай істеу деген? Сенің бізге келіп бәрін айтуыңа, уақытша бізде болсын деп өтініш жазуыңа болатын еді, біз рәсімдейтін едік дедім. Ол болса баланы алды да тастап кете салды... Бұл қуыршақ емес қой", - деді Мұсалинова.

Айта кетейік, бір апта бұрын бір жарым жастағы баланы анасы балалар үйінің жанына тастап кетті. Полицейлер ұл баланың анасын тапты. Баланың есімінің Ілияс екені анықталды. Оның өзінен үлкен әпкесі, анасы мен өгей әкесі бар, барлығы бірге Қостанай орталығына жақын жердегі жатақханалардың бірінде тұрады. "Алау" порталына сұхбат берген әйел бұрын бірге тұрған ер адамның ішімдік ішіп алып, жанжал шығарғанын айтты. Сол үшін жұмысынан қуылып, айтуынша, екі баланы одан әрі асырай алмаған. Әйел ұлынан заң жүзінде бас тартқысы келіпті, сөйтіп қиналған сәтте ұлын "Дельфин" балалар үйіне апарып тастап, үш жастағы қызымен үйіне қайтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети