18 наурыз 2014 20:54

Қостанайда нәрестені тірідей көмуге берген дәрігерлер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа туылған нәресте.  ©РИА Новости Жаңа туылған нәресте. ©РИА Новости

Ата-анасына жаңа туған шақалақты тірідей көмуге берген дәрігерлер қызметінен босатылуға дейін жазаланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Меңдіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері Марина Гизбрехт хабарлады. Оның айтуынша, ауруханада қызметтік тексеру жүргізілген. Оның хабарлауынша, нәрестені тірідей көмуге жол бере жаздаған аурухананың бірқатар қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бас дәрігер 2014 жылдың 6 наурызында ауруханада шақалақ тіршілік нышанынсыз туылғанын хабарлады. "Босанғаннан кейін арада екі сағат өткенде табандап қолқа салғаннан кейін ол ата-анасына берілген. Ауруханадан шыққаннан кейін жолай нәресте денесінде тіршілік нышаны пайда болған. Ата-анасы оны дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Алайда арада үш күн өткен соң, 9 наурызда нәресте шетінеп кеткен", - дейді Гизбрехт. Еске сала кетейік, бұл жанжал Қостанай облысының прокуроры Марат Қаибжановтың мәлімдемесінен кейін белгілі болған. Дәрігерлер "шақалақ өлі туылды" деп нәрестені ата-анасына берген. Сол кезде дәрігерлер мерзімінен бұрын босануды қабылдағаны хабарланған. Нәрестені тірідей көму қаупі төнген. Прокуратураның мәліметінше, қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде. Қостанай облысында дәрігерлердің салақтығынан 2013 жылы барлығы 12 қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети