08 желтоқсан 2023 17:15

"Көзін байлап, тосын сый уәде еткен". Шымкентте қызбен кездесуден кейін ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесу Шымкент тұрғыны үшін қарақшылықпен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесу Шымкент тұрғыны үшін қарақшылықпен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті ізін суытпай ұсталды.

"Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан ер адам оған тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған", - делінген хабарламада.

Ер адам бірнеше сағат ішінде қаладағы Арбатта ұсталды. Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети