25 қазан 2016 11:31

Куәгер банк күзетшісіне жасалған шабуыл жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматыда куәгерлердің бірі банк күзетшісіне жасалған шабуыл жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда куәгерлердің бірі банк күзетшісіне жасалған шабуыл жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бизнес-орталықтардың бірінің қызметкері оқиғаның ғимарат ішінде болғанын айтты. Айтуынша, күзетші бөлімшенің есігін құлыптап, бизнес-орталықтың басқа бөлігінде орналасқан әжетханаға кірген. "Ол сол жаққа кірген соң қарақшылар оны аңдып, артынан әжетханаға кірді. Кейін оған шабуыл жасап, қаруын тартып алды. Банк бөлімшесінің кілтін ала алмай, тапаншаны алып, қашып кетті", - деді куәгер. Оның айтуынша, күзетші қарақшыларға қарсылық көрсеткен.


© Шабуыл жасалған әжетхана

Банк бөлімшесінің ішінде полиция жұмыс істеп жатыр. Таяу маңдағы дүкендердің сатушылары Tengrinews.kz тілшісіне атысты естімегенін хабарлады. Олар тонау туралы полиция келген соң бірақ білген. Қазіргі уақытта бөлімше ішінде полиция жұмыс істеп жатыр.


© Шоқан Алхабаев

Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы банктердің біріне шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз екеу күзетшінің қаруын алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети