10 қазан 2015 11:48

Куәгер Маңғыстау облысында жүк көлігінің өртенген сәтін видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті, - деп хабарлайды "Лада" порталы. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт таңғы сағат 08.40-та басталған.


Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті, - деп хабарлайды "Лада" порталы. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт таңғы сағат 08.40-та басталған.

Жүк көлігі Сайын Шапағатов ауылына жақын маңда өртенді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі азық-түлік пен киім тасымалдаған. Тілсіз жау көліктің кабинасынан басталып, кейін барлық жерді жайпаған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті.


© "Лада" порталы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда КамАЗ жүк көлігі өртенген болатын. Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында болды. Хабарлама "101" пультіне сағат 13.50-де келіп түсті. Өрт сағат 14.11-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге екі техника мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды. КамАЗ көлігінің жол құрылысымен айналысатын "Жол" ЖШС-на тиесілі екенін хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети