21 қаңтар 2014 14:27

Күртік қарға тұрып қалған қаралы көш құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ақмола облысында күртік қарға кептеліп, жолда қалған қаралы көш құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта сүйекті жерлеуге апара жатқандар қозғалысын жалғастыруы үшін Қаражар елді мекеніне дейінгі бес шақырымдық жол қардан тазартылуда. 20 адамнан құралған қаралы көш әзірше Покровка елді мекеніндегі орта мектеп ғимаратына жайғастырылды. Бұл колоннадан бөлек, 50 жолаушысы бар тағы 20 жеңіл машина да жолда тұрып қалған еді. Олар да қар құрсауынан құтқарылды. Қаңтардың 20-сы күні Ақмола облысында барлығы 127 автокөлік күртік қарға тұрып қалған. Олардың 18-і - жүк көлігі, екеуі - автобус. Құтқарылған адамдардың саны - 246. 21 қаңтарға қараған түннен бері Ақкөл ауылының тұрғыны Виталий Криковлюк іздестіріліп жатыр. Ол Домбыралы елді мекеніне қарай жолға шыққан соң адасып, із-түссіз жоғалған. Бұған дейін Tengrinews.kz қаңтардың 20-сы күні Атбасар ауданында бір қаралы көштің қар құрсауында қалғанын хабарлаған болатын. Көш жеті автокөлікпен жолға шыққан. Жергілікті мемлекеттік органдар әуеліде қаралы топқа көмектесеміз дегенімен ақтүтек боранның кесірінен жолға шығу мүмкін болмаған. "Мұндай ауа райы кезінде жолды қардан тазалаушы қызметкерлерге тас жолдарға шығуға тыйым салынған, жолда қалғандарға көмектесу - құтқарушылардың міндеті", - дейді "ҚазАвтоЖол" кәсіпорнының өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети