23 маусым 2014 14:00

Күшті жел салдарынан Ақтау әуежайына ұшақтар қона алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда шаңды дауыл тұрды. ©Lada.kz Ақтауда шаңды дауыл тұрды. ©Lada.kz

Алматы - Астрахань бағытындағы екі рейстің пилоты секундына 20 метрден асатын күшті желдің әсерінен Ақтау әуежайына аялдай алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуежай қызметкерлері хабарлады. Ұшақтар Атыраудағы қосалқы аэродромға қонуға мәжбүр болды.

SCAT әуе компаниясының Астраханьнан шыққан №836 рейсі сағат 10.20-да әуежайға қонуы тиіс болған. Бірақ ұшақ әуежайға сағат 13.00-де келді. Алматыдан шыққан №867 рейс сағат 10.30-да аялдауы тиіс болса, күшті желге байланысты оның да қонатын уақыты кейінге қалдырылды. Желдің кесірінен бұл ұшақтардың әуежайдан ұшу уақыты да кешіктірілді. Бүгін Ақтауда шаңды дауыл көтерілген.  

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 26 маусым күні Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында да күшті жел болады деген болжам бар. Құтқарушылар батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда дала өрті қаупі барын да ескертті. Бүгін еліміздің көп аймағында қатты ыстық болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети