21 тамыз 2022 | 12:11

Қырғызстан милициясы қазақстандыққа қатысты оқиғаның мән-жайын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kaktus.media Kaktus.media

Бішкекте Қазақстан азаматы оқушыға көмектескен. Қырғызстан милициясы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Kaktus.media.


Бішкекте Қазақстан азаматы оқушыға көмектескен. Қырғызстан милициясы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Kaktus.media.

Бішкектегі Ленин ауданының Ішкі істер басқармасы мәліметінше, 17 тамызда сағат 14:46-да "102" қызметіне Жас гвардия даңғылында милиция қызметкері соққыға жығылғаны туралы хабарлама түскен.

"Тексеріс барысында сол күні сағат 14:00 шамасында Жас гвардия даңғылы мен Тоқтоғұл көшесі қиылысында Қазақстан азаматы милиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, бұзақылық мақсатта оны себепсіз соққыға жыққаны анықталды", - делінген хабарламада.

Тексеріс нәтижелері бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданған. Милиция қызметкері ауруханаға дене жарақатына байланысты жүгінген.

Тергеу барысында 2003 жылы туған күдікті Бішкек қаласының ІІББ УҰИ-ға қамалған. Бішкектің Ленин аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

"Сондай-ақ, аудандық Ішкі істер бөліміне күдіктінің анасы арызданған. Ол оқиға болған күні сағат 14:00 шамасында Жас гвардия даңғылында ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарға қатысты шара қолдануды сұрады", - делінген хабарламада.

Милиция қызметкері мен күдіктіге қатысты сараптама тағайындалған. Сонымен қатар, тергеу жалғасып жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети