09 тамыз 2017 10:22

Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/China Daily CDIC © REUTERS/China Daily CDIC

Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты, 175 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың Орталық телеарнасына сілтеме жасап. 


Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты, 175 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың Орталық телеарнасына сілтеме жасап. 

Осыған дейін 9 адамның қайтыс болғаны және 164 тұрғынның зардап шеккені туралы хабар түскен болатын. 28 адам ауыр халде жатыр. Іздеу-құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр, онда құтқарушылар мен дәрігерлерден бөлек, ҚХР-дың 1300 қарулы полиция қызметкері жұмылдырылған. 

Еске салайық, бүгін таңда алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше (EMSC), магнитудасы 6,5-ке тең жер сілкінісі Астана уақытымен 05.28-де Қытайдың (21.19-да) солтүстік-батысында болған. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың эпиценті Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырымда. Зілзаланың энергетикалық класы - 14.8, Магнитудасы - 6.8. 

4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген. Қарағанды мен Өскеменде 2 балл. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети