10 желтоқсан 2015 00:04

Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандық студент қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Амангелдиев. © Mandarin Ерлан Амангелдиев. © Mandarin

Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандық студент есін жимастан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Ерлан Амангелдиев 2015 жылдың 9 желтоқсанында Гуандун провинциясындағы "Дасючэн" ауруханасында өмірден өтті.

Оның ата-анасы Қытайға барды. "Қазақстан елшілігінің қызметкерлері олармен үнемі байланыста, ата-анасына қажетті көмек көрсетіледі", - деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, жол апаты 2015 жылдың 22 қарашасында болды. Оңтүстік Қытай Технологиялық университетінің студенттері мопед жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалып, жолдың жигіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін Ерлан Амангелдиев есінен танып қалды. Онымен бірге кетіп бара жатқан студент қыз Наргиза да жарақат алған. Жол апатының куәгерлерінің бірі қазақстандықтарды ауруханаға жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети