14 сәуір 2014 18:21

Қызылорда әкімдігі сарбаздар ауызсудан уланған жоқ деп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

№5547 әскери бөлімдегі сарбаздардың жаппай улануына ауызсу себеп бола алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Тілеуімбетов айтты.


№5547 әскери бөлімдегі сарбаздардың жаппай улануына ауызсу себеп бола алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Тілеуімбетов айтты.

"Аталған әскери бөлім орналасқан қала іргесіндегі Қызылжарма елді мекенінде 6370 адам тұрып жатыр. Су өткізу желісі әскерилерге де, азаматтық тұрғындарға да ортақ. Қарапайым тұрғындардан ауруханаға ешкім түскен жоқ", - деп атап өтті ол улану дерегіне байланысты шұғыл өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

"Су жүйесі" МҚК директоры Мұратбек Өсербаевтың айтуынша, ол басқаратын кәсіпорынның жұмысшылары су құбырларына ешқандай жөндеу жүргізбеген. Жұмысшылар тек екі ұңғымада ғана маусымдық жөндеу жасаған. "15 наурызда біз Қызылжарма елді мекеніндегі құбырдың жарылуын залалсыздандырдық. Бұл бүгінгі оқиғаға ешқалай себеп бола алмайды. Оған қоса, біздің ұйымда судың барлық санитарлық талапқа сай келуін тексеретін зертхана бар", - дейді Өсербаев.

Бұған дейін сарбаздар ауызсудан уланған болса, онда оған су құбырларында жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп болуы мүмкін деген топшылаулар айтылған еді. Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры "Су жүйесі" мекемесінің басшылығына қатысты процессуалдық шешім шығару мәселесінің қаралып жатқанын айтты.

Еске салайық, жексенбіден бері ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскеріне қарасты №5547 бөлімнің 36 сарбазы ауруханаға жатқызылған болатын. Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мамандарының мәліметінше, олардың жүрегі айнып, іші өткен, басы ауырып, әлсіздік танытқан. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети