28 желтоқсан 2014 15:55

Қызылордада басты жаңажылдық шырша өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Қызылорданың басты жаңажылдық шыршасы жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Қызылорданың басты жаңажылдық шыршасы жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жаңажылдық шырша 28 желтоқсан күні таңертең өртенген. Сегіз адам мен екі техникадан тұратын өртке қарсы қызмет жасағы оқиға орнына сағат 05.45-те келді. Сағат 06.02-де өрт түгел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады.

Айта кетейік, Қызылордада жаңажылдық шыршаның өртеніп жатқаны туралы алғашқы хабар Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Желі қолданушылары орталық алаңда қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, мұның алдында Шымкентте қатты желдің салдарынан қаланың басты жаңажылдық шыршасының құлап қалғаны хабарланған еді. 25 желтоқсан күні кешкісін қалада секундына 23-24 метрге жететін күшті жел соққан, жел әкімшілік-іскерлік орталықтағы 18 метрлік жаңажылдық жасанды шыршаны құлатып тастады. Бұл шырша 18 желтоқсан күні жағылған, оған 2000-нан астам ойыншық ілінген еді. Кейін құлаған шыршаның орнына 10 метрлік басқа шырша орнатылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети