02 шілде 2015 08:17

Қызылордада стритрейсерлер бір қызды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада стритрейсерлер бір қызды қағып кетті, - деп хабарлайды "31 арна". 30 маусымға қараған түні Айзада Танабайды үлкен жылдамдықта келе жатқан автомобильдің соғып кеткені хабарланды. Салдарынан қыз ауыр жарақат алды. Ол күрделі ота жасатпақшы.

Дәрігерлердің айтуынша, жол апатанын зардап шеккен қызға бассүйек ми жарақаты, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған деген дигноз қойылған. "Әжемнің үйінен шығып, жолдан өтпек болдым. Жол жиегінде көліктер тұрды, жолға қарайын деп шықтым. Кенеттен бар жылдамдықпен келе жатқан көлік соқты. Патруль полициясының көлігі кетіп бара жатқанын көрдім, олар да машинаның үлкен жылдамдықта келе жатқанын көрген шығар, алайда тоқтатпады", - деді қыз. 

Оның айтуынша, оны соққан жүргізуші "Қызылордадағы форсаж" деп аталатын жиынның мүшесі. "Олар біз тұратын жолдың жаңадан жөнделгенін және көшеге жарық қойғанын көріп жүрген. Аптасына бірнеше рет жастар түрлі көліктермен нағыз автошоу ұйымдастыратын. Бұл өте қауіпті", - деді жәбірленушінің әжесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети