15 шілде 2015 17:06

Лагерьде қайтыс болған қыздың туыстары ІІМ басшысынан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған Аружан Әбілдина. © КТК Қайтыс болған Аружан Әбілдина. © КТК

Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы Аружан Әбілдинаның туыстары Ішкі істер министрінен қыздың өлу себебін анықтауға байланысты қолғабыс етуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы Аружан Әбілдинаның туыстары Ішкі істер министрінен қыздың өлу себебін анықтауға байланысты қолғабыс етуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, оқиға 2014 жылдың жазында болған еді. Сол кезде ақпарат құралдары "Континент" атты балаларды сауықтыру лагерінде демалған тоғыз жастағы Аружан Әбілдина ауруханаға ессіз күйде жеткізілгенін хабарлаған болатын. Ол 9 шілде күні Көкшетау қаласындағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды.

Бір жыл өткеннен кейін ІІМ басшысының блогына қыздың туысы Гүлбаршын Сәкеновадан 2005 жылы туылған сіңлісі Аружан Әбілдинаның өлімінің нақты себебін анықтау бойынша қолғабыс етуді сұрау жайында хабарлама жолданды.

"Тергеу басталғалы бір жыл өтті, 2015 жылдың мамырында сот процесі басталуы керек болған. Істі облыстық ішкі істер департаменті жеке қарауына алғаннан кейін сот процесі басталған жоқ, тергеу де тоқтап қалды. Тергеушілер бізге облыстық ІІД Астанадан тағы бір сараптаманың нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Қайтыс болған қыздың ісінің әлі жабылмағанына, өлуінің себебі әлі анықталмағанына қапалымын", - деп жазды ол.

Алғашында Бурабайдағы лагерьде демалған соң қайтыс болған қыздың ішіне зақым келгені айтылды, дегенмен 2014 жылдың 11 шілдесінде сот-медициналық сарапшысының алдын ала қорытындысына сәйкес, кәмелет жасына толмаған қыздың өліміне екіжақты пневмония, неврит, нақты белгілері жоқ сол жақтағы жарақаттың жарылуы, өзінен-өзі жарылу себеп болғаны айтылды. Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 138-бабы, 2-тармағы - "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, "Континент" балаларды сауықтыру лагерінде болған істі тексеруге облыстан арнайы комиссия жіберлгені де хабарланды. Сол кезде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы қыздың өліміне қатысты мәселені бақылауда ұстайтынын айтты.

Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің баспасөз қызметі қайтыс болған Аружан Әбілдинадан ішек инфекциясы табылмағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети