10 шілде 2014 18:59

Мамандар лагерьде демалған қыздың өлімі туралы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Әбілдина. ©КТК Аружан Әбілдина. ©КТК

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандары Бурабайдағы балалар лагерінде демалған қыздың өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандары Бурабайдағы балалар лагерінде демалған қыздың өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 шілде күні Көкшетаудағы облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде 2005 жылы туған Аружан Әбілдина қайтыс болды. Жасөспірім Қарағанды облысы Жәрем ауылындағы № 30 мектептің 4-сыныбында оқиды.

"Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 шілдеге қараған түні қыз Бурабай ауданы Қатаркөл ауылындағы "Континент" сауықтыру орталығынан жұқпалы аурулар бөлімінің қабылдауына жеткізілген. 10 шілде күні оның өлімінің себебін анықтау үшін денесі сойылады. Алдын ала мәлімет бойынша, бала созылмалы бүйрек жетімсіздігімен ауырған", - деп хабарлайды Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

10 шілде күні қызметтік тексеріс жүргізу үшін "Континент" балалар сауықтыру орталығына құрамына білім, денсаулық сақтау органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар, құқық қорғау органдары өкілдері енген облыстық комиссия аттанды. Бұл оқиға бойынша барлық материал Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінде жатыр.

Бұған дейін Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің мамандары қыздың өлімінің алдын ала себебін жария еткен болатын, полицейлердің мәліметінше, 9 жастағы жасөспірім ішінен жарақат алған, сонымен бірге, ол өткір ішек инфекциясын жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети