26 наурыз 2015 18:38

Маңғыстау облысында жануарлар мүжіп тастаған адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lada.kz ©Lada.kz

Маңғыстау облысында жануарлар мүжіп тастаған ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Лада" өңірдің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысында жануарлар мүжіп тастаған ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Лада" өңірдің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. 

Жануарлар мүжіп тастаған мәйітті Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 15 шақырым жерге малдарын жаюға шыққан малшылар тауып алыпты. Оқиға орнына шұғыл-тергеу тобының бара жатқаны хабарланды. 

Полицияның мәліметінше, қаза болған адамның аяқ-қолдары ғана қалған. Денесі мен басын белгісіз жануарлар жеп қойыпты, қаңғыбас иттер болуы мүмкін. Ер адамның мәйіті табылған орыннан 20-30 метр жерден адамның сүйектері мен киімнің қалдықтары табылды. Мәйіттің Баутино ауылының 50 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Мәйітті оның туған ағасы таныды. Полицейлер оның бірнеше уақыт бұрын үйінен шығып, хабарсыз кеткенін хабарлады. Өлімнің қалай болғаны туралы тұжырымдар қарастырылып жатыр, оның үсіп қалуы және қаңғыбас иттердің тобыры шабуыл жасауы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бірнеше жыл бұрын Ақмола облысы Степногорда болды. Ол кезде иелері ит сатумен айналысқандардың иттері 56 жастағы ер адамға үйінің ауласында шабуыл жасады. Оқиға орнына шұғыл қызмет шақыртылып, олар бұл жайттың қалай болғанын анықтауға тырысты. Ер адамның денесі қалалық мәйітханаға жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети