13 шілде 2015 17:56

Маңғыстау облысында жүк көлігіндегі жарылыстан ағайынды екі жігіт қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында жүк көлігіне дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, салдарынан ағайынды екі жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада" басылымы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында жүк көлігіне дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, салдарынан ағайынды екі жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада" басылымы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жарылыс 9 шілдеде сағат 21.35 шамасында тұрғын үйдің маңында болған. 24 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді. Ағасының жерлеу рәсімі күні 21 жастағы жігіт те қайтыс болды. Қалған екеуінің жағдайлары тым ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды-Теміртау тас жолында Mercedes жүргізушісінің автомобилінде тірідей өртеніп кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы 7 мамырда күндізгі уақытта болды. "Мен сол машинаның артында келе жаттым. Кенеттен көліктің көпір бағанасына соғылып, өртене бастағанын көрдім. Көлігімнен шығып жүргізушіге көмектеспек болдым, дегенмен өрт көлік салонын тез шарпып кетті. Автомобиль терезесінен өрт шығып жатты. Мен машинаға жақындай алмадым. Кейін ол жарылды", - деді Қарағанды-Теміртау тас жолындағы көлік апатын көзімен көрген Анатолий Власов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети