01 тамыз 2014 21:11

Маңғыстау тұрғыны полицеймен болған жанжалды камераға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнежазба кадры. Бейнежазба кадры.

"Лада" интернет-басылымы Маңғыстау облысы тұрғыны мен жол полицейінің жанжалы түсірілген бейнероликті жария етті. Бейнежазбадан полицейдің (иық белгісіне қарағанда - капитан) камераға түсіріп тұрған ер адамға ашуланып, оны бірнеше рет қағып-соққанын көруге болады.


"Лада" интернет-басылымы Маңғыстау облысы тұрғыны мен жол полицейінің жанжалы түсірілген бейнероликті жария етті. Бейнежазбадан полицейдің (иық белгісіне қарағанда - капитан) камераға түсіріп тұрған ер адамға ашуланып, оны бірнеше рет қағып-соққанын көруге болады.

Кадр сыртындағы дауысқа қарағанда, полицей жеке аумаққа баса-көктеп кірген. Содан кейін тәртіп сақшысы машинадан шығып, ер адамның қолындағы ұялы телефонды тартып алуға әрекеттенеді. Ролик авторы өзінің жыртылған көйлегін көрсетеді. Содан кейін полицейдің тағы соққы жасағаны естіледі де, видео үзіледі. 

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ролик авторының жол ережесін бұзғаны үшін 11 рет жауапқа тартылған Маңғыстау облысының тұрғыны екенін хабарлады. Полицияның мәліметінше, жанжалға ер адамның кезекті рет ереже бұзғаны себеп болды.

"Маңғыстау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полициясы ротасының инспекторлары патрульдеу кезінде Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен тас жолының 135-шақырымында Toyota Camry автокөлігінің Жаңаөзен қаласына қарай жылдамдықты асырып кетіп бара жатқанын байқайды. Полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабына құлақ аспаған жүргізуші жүрісін жалғастыра береді. Дыбысзорайтқышпен бірнеше рет айтылған ескертпеге қарамастан, заңбұзушы жасырынуға әрекеттеніп, "Арай" ықшамауданындағы тұрғын үй алабына бет түзеген. Тұрғын үйдің ауласына кірген ол қақпаны жауып алуға әрекет жасайды. Соған байланысты полиция қызметкерлері өз көліктерін үй қақпасына тақап, қақпаны жапқызбады. Бұдан соң заңбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен қашу үшін полицейлерді бейнежазбаға түсіріп, оларды жеке мүлікке қол сұқты деп арандатуға талпынды", - делінген департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети