28 қыркүйек 2014 15:18

Маңғыстауда баланы қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Даниал Оқасов ©Даниал Оқасов

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында автокөлік жүргізушісі сегіз жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Лада" жол-патруль қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында автокөлік жүргізушісі сегіз жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Лада" жол-патруль қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Атамекен поселкесінде болды. Басқұдық ауылында тұратын оқушы көлік астына түсіп қалды. Баланы қағып кеткен жүргізуші аялдап, оған көмек көрсетудің орнына жылдам ізін жасырған.

Зардап шеккен бала бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, басының шашы бар бөлігінде ашық жарақат пайда болды, ол ауруханаға жеткізілді. 

Жол-патруль қызметі жүргізушіні ұстау шараларына кірісті. Оқиға қараңғы кезде болғандықтан, куәгерлер баланы қағып кеткен автокөлікті байқап үлгермеген. 

Еске сала кетейік, өткен аптада ғана Ақтауда Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі төрт жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Оқиға 29-ықшамауданда болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жылдамдығын бәсеңдетпей, оқиға орнынан ізін суытқан. Зардап шеккен бала облыстық аурухананың жарақат бөліміне түсті, оның миы шайқалған, аяғы жараланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети