24 маусым 2015 15:46

Мәскеулік кәсіпкерге күштеп қосыла жаздаған қыздың оқиғасы: Тараптар ымыраға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мәскеулік кәсіпкерге күштеп қосыла жаздаған қыздың ісі жабылды. Қарындасын кәсіпкерге күштеп тұрмысқа шығармақ болған ағасына жәбірленушінің анасы кешірім беріп отыр, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы қыздың анасы айтып берді.


Мәскеулік кәсіпкерге күштеп қосыла жаздаған қыздың ісі жабылды. Қарындасын кәсіпкерге күштеп тұрмысқа шығармақ болған ағасына жәбірленушінің анасы кешірім беріп отыр, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы қыздың анасы айтып берді.

"Бұрынғы күйеуімнің туыстарымен татуласуды анам өтінді. Лиданы ұрлап әкеткеннен кейін қылмыстық іс қозғалды, анам осыдан кейін жүрек талмасына ұшырады. Мұның бәрі анамның өмірінің қасында ештеңе емес. Оның үстіне қазір Лида қасымда, менімен бірге", - деді Лэйла Темиркиева.

Оның айтуынша, қызы мәскеулік кәсіпкерге тұрмысқа шықпайды. "Ол не себепті оған тұрмысқа шығу керек? Ол қызыма ұнамайды, оның кім екені, қайда тұратыны бізді қызықтырмайды", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар тұрғынының өзінің қарындасын мәскеулік кәсіпкерге 500 мың долларға сатпақ болғаны хабарланған болатын. Павлодар ІІБ оңтүстік бөлімшесіне әйел адам хабарласып, 19 мамырда қызын біреулердің ұрлап кеткенін мәлімдейді. Дегенмен полиция қызметкерлері әйелдің арызын қабылдамайды. Қыздың анасы "Нұр Отанның" көмегіне жүгінеді. Олар әйелді прокуратураға жіберген. Нәтижесінде, қыз табылды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети