20 наурыз 2014 15:06

Медеуде аспалы жолдың кассасы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Медеуде "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына апаратын аспалы жол кассасының бөлмесі өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі курорттың бас инженері Вадим Кудрявцевке сілтеме жасап. Өрт шамамен 13.00-де шыққан. Кассирлер түтінді байқап, бөлмеден шығып кетеді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жалынды оқиға орнына келген өртсөндірушілер ауыздықтады. Кассадағы кеңсе техникалары - принтерлер мен компьютерлер жанып кетті. Ақша арнайы сейфтерде болған, оларға жалын тимеді. Әзірше касса жұмыс істемей тұр, бірақ инженерлер мейрам күндері аспалы жолдың штаттық режимде жұмыс істеп тұратынына сендірді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр қалқанындағы қысқа тұйықталу себеп болған. Бұған дейін Алматыда бомбыпана өртенген болатын. 14 наурыз күні сағат 16.00 шамасында Жамбыл және Досмұхамедов көшелерінің қиылысында, "Ника" және "Қыз Жібек" серіктестіктеріне тиесілі аумақтағы нысанда газдан қорғайтын аспаптар жанған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети