24 қаңтар 2017 23:56

Мен кінәлі емеспін - Алматыда 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деген өгей шешесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кісі қолынан қаза тапқан Өркен Азаматұлы Кісі қолынан қаза тапқан Өркен Азаматұлы

Алматының Алмалы аудандық сотында 11 жастағы мектеп оқушысын өлтірді деген күдікпен ұсталған Шарипа Ақбердиева өзінің кінәсіз екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Алмалы аудандық сотында 11 жастағы мектеп оқушысын өлтірді деген күдікпен ұсталған Шарипа Ақбердиева өзінің кінәсіз екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта күдіктілердің аты-жөндері айтылды. Олар Өркеннің 37 жастағы өгей шешесі - Шарипа Ақбердиева, оның 22 жастағы баласы Тимур Ақбердиев, 20 жастағы қызы Айдана Ақбердиева, 17 жастағы Қадыржан Гулямов және Алматыда такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін 27 жастағы Руслан Мұталиев.

Айта кету керек, судья күдіктілердің арасында кәмелет жасына толмаған адам бар екенін білген сәтте таңданысын жасырмады. Қадыржан Гулямов Тимурдың өгей інісі. Шымкентте тұрады, 9 сыныпта оқиды. Емханада талма ауруы диагнозымен тіркеуде тұр. Айдана Ақбердиева азаматтық некеде, екі жасар баласы бар. Сотта қыз жүкті екенін растады, бірақ әлі тіркеуге тұрмаған.

Кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямовтың адвокаты сот процесі жабық тәртіпте өтуін сұрады. Өзге адвокаттар мен күдіктілер оны қолдады. Алайда тергеу жұмыстарын жүргізетін судья Марал Жарылғасова бұл өтінішті қанағаттандырмады. 

Өз кезегінде прокурор күдіктілерге екі айға  қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сұрады. "Мен қарсымын. Мен тағылған айыппен келіспеймін", - деді бұған Шарипа Ақбердиева. 

"Ол мұндай қылмыс жасауға ешкімді итермелемеді. Өркеннің әкесі оған балаға қарай тұр деген, ол баланы мектептен алып кеткен. Бұл қылмысқа оның қатысы жоқ", - деді әйелдің адвокаты Ержан Өмірбеков.

Мұталиев те өзінің кінәсіз екенін айтты. Оның адвокаты, қорғауындағы адамның оларды тек көлікпен жеткізіп салғанын айтты. "Бұл өлтіру ісіне менің қорғауымдағы азаматтың еш қатысы жоқ. Бізде мотив жоқ, ол жай ғана оларды жеткізіп салды. Шарипаның баласы емес екенін ол білген жоқ", - деді адвокат. Сондай-ақ, адвокат кәмелет жасына толмаған Гулямов бұл қылмысқа өгей ағасы мен шешесінің қыспаққа алуынан барғанын айтты. 

Айта кетейік, мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесінің және тағы төрт адамның ұсталғаны хабарланған болатын. "2005 жылғы Азаматұлы Оңғарды ұрлау және өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен оның өгей шешесі - 1980 жылғы азаматша А. ұсталды", - делінген еді ІІД хабарламасында.

Еске салайық, Өркен Азаматұлы кеше өлі табылған еді. "Полицейлер бүгін түсте хабарласып, Өркеннің денесін тапқанын айтты. Баланың неден өлгенін олар әлі айтпады. Оны тану бардық, бұл біздің Өркен", - деген еді оқушының ағасы Нұрбек.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети