24 қыркүйек 2014 17:30

Министр Су-27 апатына себеп болуы мүмкін жайттарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. ©Тұрар Қазанғапов Серік Ахметов. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Алматы облысында әскери ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін жайттарды атады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Ұшақ 23 қыркүйек күні апатқа ұшыраған болатын.


ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Алматы облысында әскери ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін жайттарды атады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Ұшақ 23 қыркүйек күні апатқа ұшыраған болатын.

"Екі болжам бар: техника істен шықты немесе адами фактор", - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Ол нақты жауап мұқият жүргізілетін тексеруден кейін айтылатынын хабарлады. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы комиссия жетті.

"Мен үзік-үзік ақпараттарға қол жеткіздім, комиссия жұмысқа әлі кіріспеген, олар оқиға орнына енді ғана жетті. Жұмыс ертең басталады", - деді Серік Ахметов. Оның айтуынша, тергеу тобын генерал-майор Руслан Әлімов басқарады. "Ұшқыштар жөнінде әзірше ешкім ештеңе айта алмай отыр", - деді министр. Ол ұшқыштардың бәрі қорғаныс министрлігінде үлкен дайындықтан өткенін айтты. 

Еске сала кетейік, Су-27 23 қыркүйек күні сағат 20.42-де апатқа ұшырады. Оқу-жаттығу ұшулары кезінде ұшақтан байланыс үзілген. Іздестіру жұмыстары барысында ұшақ құлаған орын табылды. Экипаж мүшелері - подполковниктер Науанов пен Горбунов әлі табылған жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети