13 қазан 2014 10:53

Мүсілім Өмірияев соттан әділетті үкім шығаруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Мүсілім Өмірияев соттан әділетті үкім шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


Мүсілім Өмірияев соттан әділетті үкім шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

"Соңғы сөзімде мен тергеудің ең алғашқы сәтінен бастап, пара алудың негізгі нұсқа ретінде қаралғанын айтқым келеді. Тергеудің бәрі пара алу дерегін негіздеп әкелуге және дәлелдеуге бағытталды. Біреудің ниетімен немесе біреудің қатал еркімен жасалмаған әрекет үшін жазаланғаннан артық реніш пен азап жоқ. Сондықтан, Құрметті сот, істің барлық мән-жайын ескере отырып, Сізден әділетті үкім шығаруды сұраймын", - деді Мүсілім Өмірияев.  

Судья үкімнің 16 қазанда шығарылатынын хабарлады.

Мүсілім Өмірияев қыркүйек айында сот алдына келген болатын. Ол өткен жылдың желтоқсан айынан бері қамауда отырды. Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі - "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, Өмірияев қызметтік өкілеттігін теріс пайдалана отырып, 100 мың доллар және 6 миллионнан астам теңге көлемінде екі рет пара алды. Бұл ақшаға ол алматылық кәсіпкерге аусыл ауруына қарсы вакцина сатып алу жөніндегі байқауда көмектеспек болған. Соңғы отырыста мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оған 12 жыл жаза беруді сұрады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети