07 шілде 2016 09:57

ОҚО ІІД өкілдері "ұйықтап жатқан" полицейлерге қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com/Ruslan Zhanpeissov © youtube.com/Ruslan Zhanpeissov

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Шымкент полицейлері түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Шымкент полицейлері түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл роликті жергілікті белсенді Руслан Жанпейісов Сапарбаев пен Елшібек батыр көшелерінің қиылысында түсірген. "Еңбекші аудандық ІІБ полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпке көшті. Жұмыс уақытын мерекелік көңіл-күймен өткізіп жатқан полиция қызметкерлері ҚР Жол қозғалысы ережесін бұзып, қызметтік көлігін жол бойында қойған. Бұл жағдай күндіз сағат шамамен 16.00-де болды. Ал хаттама толтырылғаннан кейін қиылыстағы көліктер кетіп қалды. Көріңіздер, пікір білдіріңіздер. Рақмет", - деп жазды ол видеосының сипаттамасына.  

Аймақтағы жергілікті полиция қызметінің өкілдері осы видеоматериалды көріп, полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережесі талаптарының бұзылғанын анықтады. Қорытындысында бірнеше жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, бірнеше жүргізушіге іздеу жарияланды. Жергілікті полиция өкілдері жол қозғалысы ережесін бұзған барлық жүргізушінің жазаланғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети