21 сәуір 2016 15:59

ОҚО-да жоғалған қыз бен әйелдің мәйіттері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да жоғалып кеткен қыз бен әйелдің мәйітін құтқарушылар тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ОҚО-да жоғалып кеткен қыз бен әйелдің мәйітін құтқарушылар тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиға орны қоршауға алынған, тілшілер онда бара алмай отыр. Мәйіттердің ауылдан 10 шақырым қашықтықта табылғаны белгілі. Мәліметті аудандық әкімдіктегілер растап отыр.

Жоғалғандар табылған ауданның әкімдігіндегілердің айтуынша, олар құзға құлап өлген болуы мүмкін. Сот-криминалдық сараптама тағайындалды. Оның қортындысы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі. ОҚО ІІД мәліметінше, денелерде зорлық белгілері жоқ.

Туыстарының айтуынша, әйелдің мәйіті құздан табылған, құздың тереңдігі шамамен 10 метр болған. Қыздың мәйітін құтқарушылар құздың маңында отырған күйі тауыпты. Сәбидің мойнына шарф оралған және аяғына әйелдің шұлығы киілген. 


Ортада тұрған жоғалған қыз


Жоғалған қыздың анасы


© ҚР ІІМ ТЖК

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Дәубаба шатқалында 7 жастағы қыз бен оның 56 жастағы әпкесі жоғалып кеткен болатын. 17 сәуірде кешкі уақытта әйел жаңбырға қарамастан қызбен бірге тауға саңырауқұлақ теруге кеткен. Олар үйіне қайтып оралмаған.


Жоғалған қыздың анасы мен әпкесі

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети