29 сәуір 2014 18:05

Оқушының шиферден жарақаттануы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinewstv.kz ©Тengrinewstv.kz

Талдықорғанда оқушының төбеден құлаған шиферден жарақаттануы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғанда оқушының төбеден құлаған шиферден жарақаттануы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дерек бойынша (оқушының шифер сынығынан жарақаттануы) 316-баптың 2-бөлігімен - "Салақтық", яғни лауазымды адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе лайықты орындамауынан абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер мектепке 2002 жылы құрылыс компанияларының бірі жөндеу жасағанын анықтады. Компания жөндеудің сапасы жөнінде 3-4 жылға кепілдік берген. Бала әлі күнге дейін ауруханада жатыр, дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты. Мектеп әкімшілігі зардап шеккен оқушыға материалдық көмек көрсеткен.

Бұған дейін жарақат алған оқушының ата-анасының қалалық ішкі істер басқармасына шағымданғаны хабарланған болатын. Ата-ана мектеп әкімшілігіне қатысты шара қолдануды сұрап отыр. Ал облыстық полицияның баспасөз қызметі мектеп әкімшілігінің тергеуге жәрдемдесіп отырғанын хабарлаған еді.

Еске салайық, бұл оқиға 8 сәуір күні болған. Ауладағы дене шынықтыру сабағы кезінде 4-сынып оқушысының үстіне шатыр материалының сынығы құлаған. 10 жастағы Нұрдәулет Алпыс ауруханаға жатқызылды, оған хирургтердің көмегі көрсетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети