24 қараша 2015 15:58

"Оңай" арқылы төлем жасағысы келген студент балағат сөздер естіді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram / instavideo_kaz © Instagram / instavideo_kaz

Алматы қаласының басшылығы күн-түн демей "Оңай" төлем картасын енгізуге тырысып жатса, кей жекелеген автопарктердің қызметкерлері қолма-қол ақша табуға тырысып бағуда. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Ғаламторға салынған бейнетаспада студент "Оңай" терминалы арқылы төлем жасағысы келген. Бірақ аппарат істемейді деп сылтауратқан кондуктар қолма-қол төлем жасауды талап еткен. Жазбада бұл № 54 автобус екені жазылған. "Оңайға" ғана қаражат төлеймін" деген азаматшаны кондуктар балағаттап, күштеп автобустан түсіріп тастамақ болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети