13 шілде 2015 13:42

Оңтүстік Қазақстанда дәретханаға түсіп кеткен баланы полицейлер құтқарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД © ОҚО ІІД

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері дәретханаға түсіп кеткен 1,5 жасар баланы құтқару үшін бүтін бір операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері дәретханаға түсіп кеткен 1,5 жасар баланы құтқару үшін бүтін бір операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Басқармадағылардың айтуынша, облыстық ішкі істер департаментіне Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны дәретхана тесігіне түсіп кеткен бір жарым жасар немересін дер кезінде құтқарып қалған екі полицейге алғысын білдіру үшін келіпті. 

Оқиға 26 маусым күні Шымкент қаласындағы Тельман ықшамауданындағы үйлердің бірінде болған. Ойнап жүрген бала дәретхана тесігіне түсіп кеткен. Баланың туыстары оның дәретханаға түсіп кеткенін байқап, оны шығару үшін көшеге шығып, көмекке шақырады.

"Маған әйелім хабарласып, болған жағдайды айтқан кезде, үйге келіп, не істерімді білмей, көмекке шақыруға жүгірдім. Алдымнан екі полиция қызметкері шықты, олар ойланбастан қол ұшын беруге келді. Бірі құтқарушыларға және жедел жәрдемге хабарласса, енді бірі дәретхана тесігіне енетін арық денелі адамды іздестіре бастады. Кейін олардың ОҚО ІІД ӘПБ іздестіру саласының қызметкерлері полиция капитаны Әбдіжалел Қожабаев және полиция майоры Бауыржан Дүйсенов екені белгілі болды", - дейді баланың атасы.

Тәртіп сақшылары бала түскен дәретхана тесігіне жіңішке денелі адам ғана кіре алатынын көргенде, көршілерден 11 сынып оқушысы Сатым Досхан есімді оқушыны шақырып, оны арқанмен түсіріп, баланы алып шыққан. 

Жедел жәрдем қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары дер кезінде көмек қолын созған, бірнеше секундқа кешіккенде, бала тұншығып қалар еді. Қазіргі таңда баланың денсаулығына келер қауіп жоқ, жағдайы жақсы.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети